top of page

БҰҰДБ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚБТУ-ҒА САПАРЫ

15.10.2024

2024 жылғы 8 қазанда ҚБТУ-да БҰҰДБ жобасы бойынша маңызды мониторингтік кездесу өтті. БҰҰДБ-ның Қазақстандағы өкілдері жобаның қазіргі кезеңдегі жетістіктерін жоғары бағалады.

Кездесу барысында ҚБТУ ректоры М.Т. Ғабдуллин жобаның маңыздылығын атап өтіп, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге бағытталған бастамаларды қолдайтынын білдірді. Тараптар ТДМ аясында стартаптарды жеделдету бойынша жаңа жобалардың перспективаларын, сондай-ақ әйелдерді қолдау және қосымша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

2019 жылдан бастап ҚБТУ БҰҰ Даму бағдарламасымен ауған әйелдерін оқыту бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнатып келеді. Бұл бағдарлама олардың экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған және Еуропалық Одақтың қолдауымен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда жүзеге асырылуда. Жоба басталғалы бері 40-тан астам әйел «Қаржы (TVET)», «Бизнес-менеджмент (TVET)», «Кәсіптік білім беру (VET)», «MBA Finance» және «Тау-кен ісі (TVET)» сияқты білім беру бағдарламаларын сәтті аяқтады.

Қазіргі уақытта ауған студенттері қаржы және маркетинг салаларында сапалы білім алуда. Корпоративтік білім беру академиясының ТДМ жобалары департаменті неміс Janser Expert компаниясымен бірлесіп халықаралық курстар ұйымдастырып, түлектерге Германия компанияларында жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынуда. Қазіргі уақытта «Жасыл экономика», «Көшбасшылық және іскерлік коммуникация», «Маркетинг және коммуникация негіздері» курстары белсенді түрде жүргізілуде және қатысушыларға халықаралық сертификаттар беріледі.

© 2023 Жобалық топтар ҚБТУ. Мақтанышпен жасалғанWix.com

bottom of page