
Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының қолдауымен өткен «BASTAU - KBTU Autumn Cup (БҰҰ ТДМ 9)» хакатоны

ҚБТУ SDG Орталығы
21.11.2025
2025 жылғы 1-2 қарашада Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) «BASTAU - KBTU Autumn Cup (БҰҰ ТДМ 9)» хакатоны өтті
Іс-шара Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының қолдауымен университет пен BASTAU кеңістіктік үлкен деректерді визуализациялау технологиясының авторы Виталий Александровтың бірлесуімен ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚБТУ Корпоративтік білім беру академиясының Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебі мен ТДМ (SDG) жобалары департаменті бастамашы болды.
Хакатон БҰҰ-ның 9-тұрақты даму мақсаты — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылымға» арналды және цифрландыру, деректерді визуализациялау, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді қолдау жүйелеріне, соның ішінде мемлекеттік секторға арналған құралдарды әзірлеуге бағытталды.
Жарысқа ҚБТУ, СДУ және ХАТУ-дың 70-тен астам студенті, сондай-ақ жас зерттеушілер мен IT мамандары қатысып, жасанды интеллект, деректер аналитикасы және цифрлық инновациялар салаларындағы жобаларын ұсынды.
15 қарашада ұйымдастырушылар Хакатон жеңімпаздарын жариялады. ҚБТУ Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің дарынды студенттері — Мирослав Скляр, Фархат Жұтанов, Ришадқызы Гүлдана және Сима Ханбиннен құралған «!coders» командасы Bastau жүйесіне арналған инновациялық шешімімен қазылар алқасын таңғалдырып, Bastau KBTU Autumn Cup кубогын жеңіп алды.
2021 жылы құрылған сәттен бастап ҚБТУ Корпоративтік білім беру академиясының ТДМ жобалары департаменті Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге бағытталған кең ауқымды бастамаларды жүзеге асырып келеді: Қазақстан мен шетелден 200-ден астам қатысушыны біріктірген 5-тен астам халықаралық воркшоп өткізілді, студенттер мен сыртқы қатысушыларға арналған ТДМ бойынша курстар әзірленді, сондай-ақ ҚБТУ-да ТДМ жобалық топтарын дамыту үшін халықаралық қорлардан гранттар алынды.
Бұл іс-шара ҚБТУ-дың БҰҰ-ның 9-тұрақты даму мақсаты (Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым) бағытындағы дамуды ілгерілетуге деген ұстанымын, сондай-ақ БҰҰ Жаһандық шарты мен БҰҰ «Академиялық ықпал» (Academic Impact) бағдарламасы аясындағы міндеттемелеріне адалдығын көрсетті.

.png)
%20(1)_edite.jpg)
