top of page

GUS екі күндік кездесулер барысында BSBI және ҚБТУ арасындағы келісімге септігін тигізді

ҚБТУ SDG Орталығы

22.02.2024

21 ақпан, сәрсенбі және 22 ақпан, бейсенбі күндері Global University Systems (GUS) компаниясы әлеуетті серіктестік мәселелерін талқылау үшін Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) өкілдерін қабылдап, GUS құрамындағы бірнеше оқу орындарымен кездесулер ұйымдастырды.

Бұл кездесу өткен жылы ҚБТУ мен GUS халықаралық холдингінің құрамына кіретін Халықаралық Ыстамбұл бизнес институты арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумның жалғасы болды.

Кездесу барысында ҚБТУ-дың үздіксіз білім беру жөніндегі басқарушы директоры А.М. Ибраев және ҚБТУ жобалық топтарының жетекшісі А.Ж. Ақжалова FutureLearn, London School of Business and Finance, IBAT College, Berlin School of Business and Innovation, The Language Gallery, London College of Contemporary Arts және Atlantic Technological University өкілдерімен жүздесті.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚБТУ мен BSBI бірнеше бағытта ынтымақтастық орнатуға келісті. Олардың қатарында: үшжақты ынтымақтастық, ҚБТУ ТДМ орталығы аясындағы жобалар мен үздіксіз білім берудің қысқа мерзімді курстары, Executive-MBA DBA, mini-MBA бағдарламалары, тағылымдамалар мен көшпелі модульдік бағдарламалар, Erasmus+ бағдарламасына қатысу, сондай-ақ ҚБТУ ҚМА (КМА) оқытушылар құрамы мен кадеттеріне тағылымдама мен біліктілікті арттыруда қолдау көрсету бар.

Сондай-ақ, қос оқу орны мансап жәрмеңкелері сияқты ғылыми-білім беру іс-шараларын бірлесіп өткізуге және киберқауіпсіздік пен алаяқтыққа қарсы күрес (anti-fraud) бойынша бірлескен бағдарламаларды іске асыруға уағдаласты.

© 2023 Жобалық топтар ҚБТУ. Мақтанышпен жасалғанWix.com

bottom of page