top of page

Eco Showcase Competition: Итоги хакатона

24.04.2026

Қазақстан-Британ техникалық университеті Академиялық корпоративтік білім беру академиясының SDG Projects департаменті экология, тұрақты даму және инновациялық технологиялар салаларында студенттік бастамаларды дамытуға бағытталған Eco Showcase байқауын хакатон форматында ұйымдастырды.

Eco Showcase — тұрақты кәсіпкерлік пен эко-инновациялар саласындағы практикалық дағдыларды дамытуға арналған интерактивті іс-шара. Бұл бастама жастарға «жасыл» бизнес мүмкіндіктерін зерттеуге, кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға және пікірлес әріптестер мен сарапшылармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Іс-шара Қазақстан-Британ техникалық университеті қабырғасында БҰҰ Жаһандық шарты принциптеріне сәйкес өткізілді. Бұл — адам құқықтары, еңбек стандарттары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарға бейілді ұйымдарды біріктіретін әлемдегі ең ірі корпоративтік тұрақтылық бастамасы. Сонымен қатар, жоба United Nations Academic Impact аясында жүзеге асырылды. Бұл — білім беру, ғылыми зерттеулер және қоғамдық қызмет арқылы БҰҰ құндылықтарын ілгерілететін жоғары оқу орындарының халықаралық желісі. Бұдан бөлек, жоба Тұрақты даму мақсаты 12 мақсатына үлес қосып, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ұлттық Таза Қазақстан бастамасын қолдайды.

Байқауға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты, олардың қатарында Қазақстан-Британ техникалық университеті, SDU University, Satbayev University және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар. Сонымен қатар, Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік студенттер де қатысып, іс-шараның халықаралық және инклюзивті сипатын айқындады.

Қатысушылар өзекті экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалармен жұмыс істеп, креативтілік, аналитикалық ойлау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Байқау нәтижелері

1 орын — LWP командасы (Қазақстан-Британ техникалық университеті)
Қатысушылар:
1. Бөрібайұлы Батыр — 4 курс, Органикалық заттардың химиялық технологиясы
2. Сұлтанмахмұт Байдыбек — 4 курс, Органикалық заттардың химиялық технологиясы

2 орын — Muda Hunters командасы (SDU University)
Қатысушылар:
1. Ахметжан Жұмағазыұлы
2. Жекен Ерсұлтан
3. Балдиков Әмір
4. Оспанова Ляззат
5. Төлебекова Еркеназ

3 орын — Cause I Am командасы (SDU University)
Қатысушылар:
1. Жұмат Аяулым
2. Жарылқасын Фариза
3. Қадырбек Рабия
4. Тойғанбек Динара

SDG Projects департаменті барлық қатысушыларға белсенділігі, бастамашылдығы және тұрақты шешімдерді дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді. Мұндай іс-шаралар жоғары оқу орындары арасындағы және халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, инновациялық ойлауды дамытып, Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге ықпал етеді.

Сондай-ақ Бакимов Данияр, Rocket Plastic бас директоры және Тоғызбаева Гүлназ Кенесхановна, SDU University стратегиялық даму департаментінің директоры, жастардың экологиялық және инновациялық бастамаларын дамытуға қосқан қолдауы, ынтымақтастығы және маңызды үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз.

© 2023 Жобалық топтар ҚБТУ. Мақтанышпен жасалғанWix.com

bottom of page