
Италиялық серіктестер ҚБТУ студенттеріне арнап Кибербарлау және киберқауіпсіздік бойынша тренинг өткізді

ҚБТУ SDG Орталығы
19.06.2024
ҚБТУ SDG Орталығы
2024 жылғы 21 маусымда ҚБТУ (Қазақстан-Британ техникалық университеті) студенттері кибербарлау мен қауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктерді зерттеуге арналған инновациялық семинарға қатысты. Шара барысында жетекші IPS компаниясының сараптамалық түсініктемелері беріліп, Medusa платформасының эксклюзивті демонстрациясы көрсетілді, сондай-ақ киберқауіпсіздікті бағалау мен сертификаттаудың ұлттық және еуропалық схемалары егжей-тегжейлі талқыланды. Оқуды аяқтаған соң қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Семинар ҚБТУ студенттеріне киберқауіптердің күрделі ландшафтына үңілуге бірегей мүмкіндік беріп, оларды болашақ мансабында цифрлық қорғанысты нығайтуға қажетті заманауи құралдармен және әдістермен қаруландырды.
Бағдарламаның негізгі бағыттары:
Кибербарлау және қауіпсіздік мүмкіндіктері: Алдыңғы қатарлы IPS компаниясы киберқауіптермен күресудегі тәжірибесімен бөлісіп, саладағы ағымдағы трендтерді, инновациялық құралдарды және озық қауіпсіздік әдістерін таныстырды.
Ұлттық және еуропалық сертификаттау схемалары: Студентер киберқауіпсіздікті бағалау мен сертификаттаудың маңыздылығы туралы толық мағлұмат алды. Сарапшылар зертханалардың өнімдер мен қызметтерді қатаң ұлттық және еуропалық стандарттарға сәйкестігін қалай тексеретінін түсіндіріп, цифрлық дәуірдегі сенім мен комплаенстің рөлін атап өтті.
Әлеуметтік желілер және ашық дереккөздер негізіндегі барлау (OSINT): Бұл бөлімде Medusa платформасының тікелей көрсетілімі өтті. Платформаның әлеуметтік желілерді, Deep Web және Dark Web ресурстарын автоматты түрде пайдалану, нысандарды профильдеу және трендтерді анықтау мүмкіндіктері көрсетілді. Практикалық қолданыс аясында жалған ақпарат пен үгіт-насихатты анықтау, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі тасымалын қадағалау мәселелері қарастырылды.
Киберкеңістіктегі операциялар: Ревенс-инжиниринг: Семинар кері жобалаудың (RE) мақсаттары, әдістемелері мен технологиялары туралы сессиямен аяқталды. Мобильді қосымшаларды кері жобалау бойынша нақты мысал осы арнайы саланың практикалық қолданысын көрсетті.
«Киберқауіпсіздік саласындағы мамандардың келесі буынына мүмкіндік беру біздің ортақ цифрлық болашағымыз үшін өте маңызды», — деді ұйымдастырушылар. «Бұл семинар ҚБТУ студенттеріне тек теориялық білім ғына емес, сонымен қатар Medusa сияқты озық платформалармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесін берді».
Бұл іс-шара ҚБТУ-дың өз студенттеріне заманауи білім беруге және оларды саланың маңызды практикалық қырларымен таныстыруға деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді.

.png)

%20(1)_edite.jpg)