top of page

«Ұлттық және еуропалық бағалау және сертификаттау схемасына сәйкес кибербарлау және киберқауіпсіздік» тақырыбында шеберлік сағаты өтті

27.06.2024

2024 жылғы 21 маусымда «Ұлттық және еуропалық киберқауіпсіздікті бағалау және сертификаттау схемасына сәйкес кибербарлау және киберқауіпсіздік: Италияның iPS Visionary Intelligence компаниясы зертханаларының мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті

Іс-шара Италияның Салерно университетімен, ҚБТУ-дың жобалық топтарымен (ҚБТУ ТДМ орталығы) және Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Семинар барысында киберқауіпсіздікті бағалау және сертификаттаудың ұлттық және еуропалық схемалары, ашық дереккөздер (OSINT) мен әлеуметтік желілерді талдау әдістері, сондай-ақ мақсатты тұлғаларды профильдеу және трендтерді анықтау үшін әлеуметтік желілерді, Deep Web және Dark Web-ті автоматтандырылған түрде пайдалану тәсілдері ұсынылды. Сонымен қатар фейк жаңалықтар мен пропаганданы анықтау әдістері, сондай-ақ кибераналитиканың ұлттық қауіпсіздіктен бастап ірі корпорациялар қызметіне дейінгі түрлі салалардағы нақты қолдану мысалдары қарастырылды. Ерекше назар кибершабуылдарды анықтауға, олардың белсенділігін және ұйымдасқан қылмыстың өршуін болжауға қабілетті Medusa платформасына аударылды.

Спикерлер сондай-ақ қаржылық операциялардағы алаяқтықты анықтауда қолданылатын реверс-инжиниринг негіздерін таныстырды. Мастер-класс соңында қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан қатысу сертификаттары табысталды.

© 2023 Жобалық топтар ҚБТУ. Мақтанышпен жасалғанWix.com

bottom of page